ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін Түркістан қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

Отырысты Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы Сәрсенбаев Ғаппар Амантайұлы ашып, жүргізді.

Жиынға мәслихат депутаттары, қала әкімінің міндетін атқарушы Айдос Тоғызбаев, қала әкімінің орынбасарлары Аманжол Бекбол және Мадияр Әліпов, қала әкімі аппаратының басшысы Қуаныш Әлібеков және бөлім басшылары қатысты.

🔹 Отырыстың күн тәртібінде Түркістан қаласы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерінің есепті мерзімде орындалуы туралы есебі қаралды.

Сонымен қатар 11 тамызда өткен Түркістан қалалық мәслихатының «Әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім, ғылым, мәдениет, жастар ісі, туризм және спорт, тарихи мұраларды қорғау жөніндегі» тұрақты комиссия отырысының хаттамалық тапсырмаларының қалалық ішкі саясат бөлімі тарапынан орындалуы туралы мәселе қаралды.

💬 Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты мамандардың ақпараттары тыңдалып, депутаттар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.

Талқылау қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар беріліп, белгіленген тәртіпке сәйкес хаттамалық тапсырмалар қабылданды.

Источник: Маслихат города Туркестан — gov.kz