Туризм, су және ауыл шаруашылығы: Ербол Қарашөкеев Меркі ауданындағы бірқатар нысанды аралады
Мемлекет басшысының табиғи ресурстарды сақтау, су шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Меркі ауданына жұмыс сапары барысында бірқатар нысанды аралады. Алдымен облыс әкімі Меркі мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің қызметімен танысты. 2025 жылдың тамыз айында құрылған парктің жалпы аумағы 83 713 гектарды құрайды. […]























