📍 МӘСЕЛЕ МЕН МІНДЕТ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ

📍 МӘСЕЛЕ МЕН МІНДЕТ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ

✅Бүгін аудан әкімдігінде Жәнібек аудандық қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Жиынды Қоғамдық кеңестің төрағасы Ескендір Елемесов ашып, жүргізіп отырды. Кеңес жұмысына Жәнібек ауданы әкімі аппаратының басшысы Нұрболат Садырбаев, қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.

Кеңестің күн тәртібінде бірқатар маңызды мәселе қаралды.

Алғашқы мәселе Жәнібек аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №42-2 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы және Жәнібек аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №42-3 «2026-2030 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының даму жоспары туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы болды. Аталған мәселе бойынша Жәнібек аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Руслан Сариев баяндама жасады.

Келесі мәселе Жәнібек аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы №43-4 «2026-2028 жылдарға арналған Жәнібек ауданы Жәнібек ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Бұл мәселе жөнінде Жәнібек ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы Елдос Максотов хабарлама жасады.

Сондай-ақ шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен тәртібін бекіту мәселесі қаралды. Бұл бағыттағы мәселені Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Лунара Сембиева таныстырды.

Кеңес отырысында күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша тиісті ақпараттар беріліп, ұсыныстар назарға алынды.

Источник: Жанибекский районный маслихат — gov.kz