САРЫАҒАШ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ XLVII СЕССИЯСЫ

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6, 10, 14 баптарына сәйкес, аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2026 жылғы 30 қыркүйек күні сағат 10:00-де аудандық мәслихаттың мәжіліс залында, 16:00-де кезекті қырық жетінші сессиясы Сарыағаш аудан әкімдігінің мәжіліс залында өтеді.

Сессия қарауына енгізілген мәселелер:

1. Аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалуы туралы;
2. Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бір жылда атқарған жұмыстары туралы;
3. «Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильдігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Сарыағаш аудандық мансап орталығы» филиалының бір жылда атқарған жұмыстары туралы;
4. Сарыағаш ауданының жылу маусымына дайындығы туралы;
5. Дербісек ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
6. Қызылжар ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
7. Қабланбек ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
8. Дарбаза ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
9. Құркелес ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
10. Сарыағаш аудандық мәслихатының бақылауда тұрған шешімдерінің орындалу барысы туралы;
11. «Сарыағаш ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамын бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2026 жылғы 29 мамырдағы № 44-314-VІІІ шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
12. Сарыағаш аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы №30-214-VII «Сарыағаш аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін қайта бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Источник: Маслихат Сарыагашского района — gov.kz