Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы

2026 жылғы 17 қыркүйекте Ақжайық аудандық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті✅
📍Отырысқа күн тәртібіндегі мәселелерге жауапты мемлекеттік мекеме және бөлім басшылары, ауылдық округ әкімінің орынбасары, жеке кәсіпкердің өкілі қатысты.
📝Отырыста ауданның қоғамдық тәртібі, мемлекеттік жастар саясаты, салық мөлшерлемесі, тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған тарифтер, құрылыс нысандарына мониторинг және техникалық бақылау, сондай-ақ Қоғамдық кеңес құрамына өзгеріс енгізу мәселелері қаралды.
⏰Талқылау қорытындысы бойынша бірқатар мәселелер бойынша ұсыныстар беріліп, қосымша зерделеуді қажет ететін мәселелерді 2026 жылғы 25 қыркүйекте қайта қарау туралы шешім қабылданды.
✔️Қоғамдық кеңес отырысында көтерілген мәселелер назарға алынып, тиісті жұмыстар бақылауға алынды.

Источник: Акжаикский районный маслихат — gov.kz