Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы

26 тамыз күні Ақжайық ауданының Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті

Отырыста ауданның әлеуметтік-экономикалық және коммуналдық салаларына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда, қысқы мал азығын дайындау жұмыстары, коммуналдық нысандардың жылыту маусымына дайындығы, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және көмуге арналған тарифтер, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы және денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ұсыныстар айтылып, жауапты сала өкілдерінің ақпараттары тыңдалды.

Техникалық ақауларға байланысты отырыс туралы ақпарат кеш жарияланып отыр

Источник: Акжаикский районный маслихат — gov.kz