ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТЫҚ 4 ЖАСАР БҮЛДІРШІН 195 ЕЛДІҢ ТУЫН ЖАТҚА БІЛЕДІ
Түркістан облысы, Сарыағаш ауданының Бостандық ауылында тұратын кішкентай Афшона Абдикаримова географияға деген ерекше қызығушылығымен көпшілікті таңғалдыруда. Афшонаның географияға деген қызығушылығы 3 жасынан басталған. Үйдегі әлемнің саяси картасын қызыға зерттеген бүлдіршін алдымен картада бейнеленген мемлекеттердің туларына назар аударған. Бауырларымен бірге елдердің тулары мен атауларын үйренуге қызығушылық танытып, қысқа уақыт ішінде алғашқы нәтижелерге қол жеткізген. Ата-анасының сөзінше, […]










