Түркістан қалалық мәслихатының депутаттары мен қала халқының назарына!
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабына сәйкес сегізінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының кезектен тыс қырық жетінші сессиясы 2026 жылғы 28 қыркүйек күні сағат 16:00-де Түркістан қаласы әкімдігінің мәжіліс залында өтетіндігін назарларыңызға саламын.
Мекен-жайы: Түркістан қаласы, Әмір Темір көшесі №28 ғимарат, Түркістан қаласы әкімдігінің мәжіліс залы.
Сессияның қарауына мына мәселе ұсынылады.
- Түркістан қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №12/53-VII «Түркістан қалалық учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
- Түркістан қалалық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы
№38/173-VIII «2026-2028 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Келіп түсуіне байланысты басқа мәселелер қаралуы мүмкін.
Источник: Маслихат города Туркестан — gov.kz

