ШАЛҚАР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ БЮДЖЕТ, ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК, АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ЖӨНІНДЕГІ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 25  қыркүйек күні жергілікті уақыт 15.00 де, Шалқар аудандық мәслихатының бюджет, экономика және кәсіпкерлік, ауылшаруашылық жөніндегі тұрақты комиссиясына тұрақты комиссия мүшелері және қаралатын мәселелер бойынша шақырылғандар қатысты. Тұрақты комиссия отырысына төмендегі мәселелер ұсынылды:

1) Шалқар ауданының Шалқар қаласы мен ауылдық округтердегі әлеуметтік нысандардың қысқы жылу маусымына дайындығы жөнінде және жолдардың жағдайы туралы.

Баяндамашы: Мұрат Әділбек Абайұлы – «Шалқар    аудандық   тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

2) Мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету, атқарылған жұмыстар жөніндегі есебі.

Баяндамашы: Сапуанов Нұрлыбек Жұмажанұлы — «Шалқар аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы.

3) Аудан экономикасын дамыту, әртараптандыру және инвестиция тарту. Баяндамашы: Қанатбаева Назгүл Тілеубергенқызы – «Шалқар ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік  мекемесі басшысы.

Отырыс соңында бірқатар ұсыныстар айтылып, қаулылар қабылданды.

Источник: Маслихат Шалкарского района — gov.kz