Сегізінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс LІІІ (53)-сессиясын шақыру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 19-бабы 3-тармағы 1-1)тармақшасына сәйкес сегізінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс                        LІІІ (53)-сессиясы 2026 жылдың 29 қыркүйегінде сағат 1100-ге Т.Рысқұлов ауылына шақырылсын.

Аудандық мәслихаттың

төрағасы                                                                                   С.Сарсенбаев                                                                     

Түлкібас аудандық мәслихатының депутаттары мен

аудан халқының назарына

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабына сәйкес сіздердің назарларыңызға сегізінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс LІІІ (53)-сессиясы 2026 жылдың 29 қыркүйегінде сағат 1100-де Т.Рысқұлов ауылында аудандық әкімдіктің мәжіліс залында өтетіндігін хабарлаймын.

Мекен жайы: Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі, 201 үй, (3 қабаттағы мәжіліс залы).

Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 0900-ден бастап жүргізіледі.

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен мәжілісі 2026 жылдың 29 қыркүйегінде сағат 1000-де өтеді.

Сессия қарауына енгізілетін мәселе:

  1. Аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы №42/1-08 «2026-2028 жылдарға арналған Түлкібас ауданындағы кент және ауылдық округ бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.

Аудандық мәслихаттың

төрағасы                                                                              С.Сарсенбаев

Источник: Аппарат маслихата Тюлькубасского района Туркестанской области — gov.kz