Сегізінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс LІІІ (53)-сессиясын шақыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 19-бабы 3-тармағы 1-1)тармақшасына сәйкес сегізінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс LІІІ (53)-сессиясы 2026 жылдың 29 қыркүйегінде сағат 1100-ге Т.Рысқұлов ауылына шақырылсын.
Аудандық мәслихаттың
төрағасы С.Сарсенбаев
Түлкібас аудандық мәслихатының депутаттары мен
аудан халқының назарына
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабына сәйкес сіздердің назарларыңызға сегізінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс LІІІ (53)-сессиясы 2026 жылдың 29 қыркүйегінде сағат 1100-де Т.Рысқұлов ауылында аудандық әкімдіктің мәжіліс залында өтетіндігін хабарлаймын.
Мекен жайы: Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі, 201 үй, (3 қабаттағы мәжіліс залы).
Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 0900-ден бастап жүргізіледі.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен мәжілісі 2026 жылдың 29 қыркүйегінде сағат 1000-де өтеді.
Сессия қарауына енгізілетін мәселе:
- Аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы №42/1-08 «2026-2028 жылдарға арналған Түлкібас ауданындағы кент және ауылдық округ бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.
Аудандық мәслихаттың
төрағасы С.Сарсенбаев
Источник: Аппарат маслихата Тюлькубасского района Туркестанской области — gov.kz


