Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 46 сессиясын шақыру туралы

Казталов аудандық мәслихат төрағасының

ШЕШІМІ

Казталов ауылы                                №45                                    6 қазан 2026 жыл

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс

46 сессиясын шақыру туралы

Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының       10 бабына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 46 сессиясы 2026 жылдың 9 қазан  күні аудан әкімдігінің  мәжіліс залында  сағат 1000– ге шақырылсын.

Сессияның күн тәртібіне төмендегі мәселелер ұсынылсын:

  1.  Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №12-17 «Сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Басқа да мәселелер.

Мәслихат төрағасы                                    С. Мулдашев

Источник: Казталовский районный маслихат — gov.kz