Әдеп жөніндегі уәкілдің төрағалығымен жиын өтті.
Бейнеу аудандық мәслихатының аппарат басшысы, мекеменің Әдеп жөніндегі уәкілі Ж.Оспановтың төрағалығымен ағымдағы жылдың 1 қазанына мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру және Әдеп нормалын сақтау, мүдделер қақтығысының алдын алу мәселелеріне қатысты жиналыс өтті. Жиын барысында мемлекеттік қызметтегі адалдық, ашықтық және жауапкершілік қағидаттарын сақтау, мүдделер қақтығысына жол бермеу және қызметтік өкілеттіктерді жеке мақсатта пайдаланбау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар азаматтармен қарым-қатынаста әдеп нормаларын сақтау, әрбір өтінішке жауапкершілікпен қарау және қызмет барысында туындауы мүмкін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу қажеттілігі айтылды. Жиын соңында мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлықтың алдын алу белгілі бір шарамен ғана шектелмейтінін, бұл бағыттағы жұмыстар күнделікті жұмыс барысында жалғасын табуы тиіс екендігі түсіндірілді.



