Состоялось заседание очередной 50- й сессии

Сессия отырысы өтті
 
А.ж.  30 қыркүйек күні Ж.Бисенғалиеваның төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезекті 50 –сессиясының отырысы болып өтті. Отырыс «Фейсбук» тікелей арнасы арқылы жүргізілді. 
Сессия отырысына аудан әкімінің орынбасары Рахметуллин Рауан Бисенғалиұлы,  аудан прокуроры Унаев Алмас Маратұлы, Тасқала ауданының полиция бөлімінің басшысының орынбасары, полиция майоры Мекин Амангелді Әділұлы, аудан әкімі аппаратының басшысы Ибраева Әсел Аруқызы, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нұрмуханов Асылхан Қайырлыұлы, аудандық электр торабының басшысы Юсупов Бекжан Едресұлы, аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Турғаналиев Ганмирлан Ғұсманұлы және үкіметтік емес ұйымдарының мекеме басшылары қатысты.
Күн тәртібінде аудандық мәслихаттың 50-ші сессиясының күн тәртібіндегі мәселелері қаралды, олар:
1. Тасқала ауданы 2028 жылға дейінгі қоғамдық тәртіпті сақтау саласындағы нысаналы индикаторларға қол жеткізу мақсатында Тасқала ауданы әкімдігінің және аудандық полиция бөлімінің міндеттерін және қызметтерін бағалау критерий туралы; 
Жергілікті атқарушы органдар мен полицияның қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жұмысының, соның ішінде «Қауіпсіз Өңір» жобасының орындалуы бойынша туралы есебі;
2. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2026 жылы атқарған жұмыстарының есебі туралы;
3. Тасқала аудандық электр торабы мекемесінің басшысының 2026 жылы арқарған жұмыстарының есебі туралы;
4. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 18 тамыздағы №33-4 «Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
5. Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аудандық комиссия құрамын бекіту туралы;
6. «Тасқала аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесін құру 
және оның құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; 
7. Тасқала аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №16-5 «Учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
8. Тасқала аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы №36-1  «Тасқала аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
1-ші мәселе бойынша, Батыс Қазақстан облысының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесі отырысының 2026 жылғы 21 мамардағы №1 хаттамасын орындау мақсатында, сөз Тасқала ауданының полиция бөлімінің басшысының орынбасары, полиция майоры А.Мекинге берілді. Жалпы, баяндамашы полиция бөлімнің атқарылған жұмыстары есебімен таныстырып, қоғамдық тәртіпті сақтау саласындағы 11 нысаналы индикатормен, оның ішінде қоғамдық орындардағы, көшедегі, мал ұрлығы, жол көлік оқиғалары, отбасы тұрмыстық және кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстардың үлес салмағын төмендету бойынша ақпарат ұсынды.
  Жергілікті атқарушы органдар мен полицияның қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жұмысының, соның ішінде «Қауіпсіз Өңір» кешенді жоспарының орындалуы бойынша есебін аудан әкімі аппаратының басшысы А.Ибраева баяндады. 
2-ші мәселе бойынша аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А. Нұрмұханов бөлімнің 2026 жылы атқарған жұмыстары туралы есеп берді.
Есеп барысында тұрғын үймен қамтамасыз ету, елді мекендердің жолдарын жөндеу жұмыстарының жүргізілгенін атап өтті.
3- ші мәселе бойынша, Тасқала аудандық электр торабы мекеме басшысының 2026 жылы атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды. 
Баяндамашы,  аудан аумағындағы электр желілерінің жай-күйі туралы айтылып, электр бағаналарының жалпы тозығы жеткені және оларды кезең-кезеңімен жаңарту қажеттігі атап өтті. 
Сонымен қатар, аудан әкімдігінің «Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аудандық комиссияның құрамын бекіту туралы ұсыныстар тыңдалды.
Мәслихат аппаратының басшысы Д. Махашева «Тасқала аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесін құру және оның құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешім жобасымен таныстырды.
Сондай-ақ округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізу мәселесі бойынша ақпарат берілді.
Өз кезегінде депутаттар күн тәртібіндегі мәселелерді егжей-тегжейлі қарап, талқылап, шешімдерді бір ауыздан бекітті.
 
 

Источник: Таскалинский районный маслихат — gov.kz