2026 жылғы 29-шы қыркүйек күні бірлескен тұрақты комиссия отырысы өтті.

29 қыркүйек күні аудандық мәслихаттың бірлескен тұрақты комиссиясының отырысы өтіп, отырысқа комиссия төрағасы, депутат Жайлаухан Қозыханұлы төрағалық етті.

Күн тәртібінде Тарбағатай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №35/2-VIII «2026-2028 жылдарға арналған Тарбағатай ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Тарбағатай ауданының «Құрметті азаматы» атағын беру туралы; Тарбағатай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №36/2-VIII «2026-2028 жылдарға арналған Тарбағатай ауданы Ақжар ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Тарбағатай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №36/3-VIII « 2026-2028 жылдарға арналған  Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Тарбағатай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №36/4-VIII « 2026-2028 жылдарға арналған  Тарбағатай ауданы Жаңаауыл ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Тарбағатай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №36/5-VIII « 2026-2028 жылдарға арналған  Тарбағатай ауданы Жетіарал ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Тарбағатай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №36/6-VIII « 2026-2028 жылдарға арналған  Тарбағатай ауданы Қабанбай ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Тарбағатай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №36/8-VIII « 2026-2028 жылдарға арналған  Тарбағатай ауданы Маңырақ ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Тарбағатай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы  №36/9-VIII « 2026-2028 жылдарға арналған  Тарбағатай ауданы Құйған ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды.

Аталған мәселелер бойынша аудан әкімінің орынбасары Е.Сабырбаев; аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Қызов және ауылдық округ әкімдері хабарлама жасады.

Отырыс соңында депутаттардың ұсыныс-пікірлері ескеріле отырып, күн тәртібіндегі мәселелерді кезектен тыс 45 сессиясы мен кезектен тыс 446 сессияға бекітуге қаулы қабылданды.

Источник: Аппарат Тарбагатайского районного маслихата — gov.kz