САРЫАҒАШ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ XLVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
Сессия жұмысына аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы төрағалық етті.
Жиынға Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлімдердің басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері, мәслихат аппаратының қызметкерлері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Сессияның күн тәртібінде аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалуы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында атқарылған жұмыстар, аудандық мансап орталығының қызметі, жылу маусымына дайындық, ауылдық округ әкімдерінің атқарған жұмыстары, ауданның «Құрметті азаматы» атағын беру және мәслихаттың бақылауындағы шешімдердің орындалу барысы қаралды.
Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамына, аудандық мәслихат аппаратының ережесіне, сондай-ақ 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджетке өзгерістер енгізуге қатысты мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты сала басшылары мен ауылдық округ әкімдерінің есептері тыңдалып, депутаттар тарапынан ұсыныстар мен пікірлер айтылды.
Сессия қорытындысы бойынша күн тәртібіндегі мәселелер талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.
Сарыағаш аудандық мәслихат аппараты
Источник: Маслихат Сарыагашского района — gov.kz



