Сарыағаш аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан халқының назарына!

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес, сегізінші шақырылымдағы Сарыағаш аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық сегізінші сессиясы 2026 жылғы 30 қыркүйек күні сағат 11:00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында, аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2026 жылғы 30 қыркүйек күні сағат 10:00-де аудандық мәслихаттың мәжіліс залында өтетінін хабарлаймын.

Сессия қарауына енгізілген мәселе:   

Сарыағаш аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы №39-288-VIІI «2026-2028 жылдарға арналған қала және ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Аудандық мәслихат

төрағасы                                                                        Р. Асылбекұлы

Источник: Маслихат Сарыагашского района — gov.kz