Сайрам аудандық мәслихатының кезекті елуінші сессиясы өтті.
Бүгін Сайрам аудандық мәслихатының кезекті елуінші сессиясы өтті.
Сессия барысында аудан әкімінің оған жүктелген қызметтер мен міндеттердің іске асырылуы туралы есебі тыңдалып, Сайрам аудандық полиция басқармасының атқарған жұмыстары жөніндегі ақпараты қаралды.
Сонымен қатар, ауылдық округтердің 2026–2028 жылдарға арналған бюджеттеріне өзгерістер енгізу, аудандық жер қатынастары жөніндегі комиссияның құрамына өзгеріс енгізу, аудандық мәслихат аппаратының ережесін бекіту және мәслихаттың кейбір шешімдерінің күшін жою мәселелері талқыланды.
Сессия жұмысы алдында күн тәртібіндегі мәселелер мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында алдын- ала талқыланып, депутаттар тарапынан тиісті ұсыныстар мен пікірлер айтылып, көрсетілген мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Источник: Аппарат маслихата Сайрамского района Туркестанской области — gov.kz



