Аудандық мәслихаттың кезекті LІІ сессиясын шақыру туралы

Аудандық мәслихат төрағасының

ШЕШІМІ

Жымпиты ауылы                                      № 20                    29 қыркүйек 2026 жыл

Аудандық мәслихаттың кезекті LІІ сессиясын шақыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 19 бабына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:

Аудандық мәслихаттың кезекті LІІ сессиясы 2026 жылдың қазан айының 9 күні сағат 10.00-ге шақырылсын.

КҮН ТӘРТІБІ:

  1. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының барысы туралы аудан әкімінің есебі.
  2. Мемлекеттік мекемелердің жылыту маусымына дайындық жұмыстары туралы.
  3. Сырым ауданы бойынша 2026-2027 жылдарға арналған қоғамдық тәртіпті сақтау саласындағы нысаналы индикаторларға қол жеткізу мақсатында Сырым ауданы әкімдігінің және аудандық полиция бөлімінің міндеттері мен қызметтерін бағалау критерийлерін бекіту туралы.
  4. Басқа да мәселелер.

Мәслихат төрағасы                      Ш.Дуйсенгалиева

Источник: Сырымский районный маслихат — gov.kz