ТӨҢКЕРІСТЕ ИГІЛІК ПЕН ИМАНДЫЛЫҚТЫҢ ЖАҢА ОРДАСЫ АШЫЛДЫ
Төлеби ауданы, Қаратөбе ауылдық округіне қарасты Төңкеріс елді мекенінде ел игілігіне арналған жаңа мешіттің ашылу рәсімі өтті.
Игі шараға Түркістан облысының бас имамы Ержан Төлепов, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейтхан Ахтаев, ауыл ақсақалдары мен тұрғындар қатысты.
Жаңа мешіттің бой көтеруіне кәсіпкер азамат Біржан Ерланұлы демеушілік жасап, сауапты іске ұйытқы болды. Елді мекен тұрғындарының игілігіне қызмет ететін құлшылық ордасының ашылуы – ауыл үшін айтулы оқиға.
Мешіттің ашылу рәсімінде оның бой көтеруіне өз үлесін қосып, игі іске атсалысқан бірқатар ауыл азаматтарына аудандық мәслихаттың Алғыс хаттары табысталды.
Жаңа мешіт имандылық пен ізгіліктің, бірлік пен берекенің ордасына айналып, ауыл жұртына рухани нәр беретін қасиетті мекен болсын!
© Төлеби аудандық мәслихатының баспасөз қызметі
Источник: Толебийский районный маслихат Туркестанской области — gov.kz



