БЮДЖЕТ МӘСЕЛЕЛЕРІ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯДА ҚАРАЛДЫ
Бүгін VIII шақырылымдағы Төлеби аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз тоғызыншы сессиясы өтті.
Сессия барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей қатысты маңызды мәселелердің бірі – бюджетке өзгерістер енгізу мәселесі қаралды.
Сессияны аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров ашып, күн тәртібіндегі мәселелерді таныстырды.
Күн тәртібіне 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджетке, сондай-ақ қала және ауылдық округтер бюджеттеріне өзгерістер енгізуге қатысты екі мәселе енгізілді.
Аталған мәселелер бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Мансұр Ашрапов хабарлама жасап, бюджетке енгізілетін өзгерістер жөнінде толық ақпарат берді.
Күн тәртібіндегі мәселелер бұған дейін бірлескен тұрақты комиссия отырысында қаралып, депутаттар тарапынан талқыланған болатын.
Сессия барысында депутаттар ұсыныстар мен пікірлерді назарға алып, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылдады.
Источник: Толебийский районный маслихат Туркестанской области — gov.kz


