Шымкент тұрғындары мен қала қонақтарының назарына!
25–28 қыркүйек күндері аралығында төмендегі жол учаскелерінде көлік қозғалысының уақытша шектелуіне байланысты қоғамдық көліктердің бағыттары өзгереді:
- Тәуке хан даңғылы – Б. Момышұлы көшесі мен Д. Қонаев даңғылы аралығы;
- А. Байтұрсынов көшесі – Түркістан көшесі мен Тәуке хан даңғылының аралығы.
Өзгерістер енгізілетін автобус бағыттары мен қозғалыс жолы қосымша сызбадағы кестеде көрсетілген.
Жолаушылардан сапарларын алдын ала жоспарлап, уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұраймыз.
Источник: Акимат города Шымкент — gov.kz


