Ақсуат аудандық мәслихаты №188 учаскелік сайлау комиссиясының құрамынан шығып қалғандардың орындарына мүшелермен толықтырулар енгізілетіндігі туралы ХАБАРЛАЙДЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10 – бабына сәйкес, Ақсуат аудандық мәслихаты №188 учаскелік сайлау комиссиясының 1 мүшесін құрамынан шығып қалғандардың орындарына толықтыру енгізілетіндігі туралы хабарлайды.
Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімдері бес жыл.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатура ұсынуға құқылы.
Егер саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар өзге де қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсыныстарына сәйкес сайлау комиссиясын сайлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері 2026 жылдың 17-ші қыркүйектен бастап 2-ші қараша аралығында Ақсуат аудандық мәслихатына мынадай құжаттарды тапсырады:
1) электрондық және қағаз форматта белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясына ұсынылған кандидатуралар туралы мәліметтерді;
2) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар ұсыну туралы саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің отырысы хаттамасының үзінді көшірмесі;
3) саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарында тіркелгені туралы құжатының көшірмесі;
4) кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші.
Өтініштің нысаны Ақсуат аудандық мәслихатының ресми сайтына орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған кандидат сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі тиісті сайлау комиссиясы құрамын құратын маслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында тұруы тиіс.
Сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымы қызметкерлері болмауы тиіс, тек сайлау туралы Конституциялық заңының 23 бабы 3 тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынғандар (аға-қарындастар), ата-анасы бір және толық емес тума аға-інілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа ұсынылған қағаз форматтағы барлық құжаттарға қол қойылған, мөрмен расталған болуы және орындалған күнін, орындаушы туралы, оның аты-жөні мен телефон нөмері көрсетілген белгіні қамтуға тиіс.
Барлық учаскелік сайлау комиссияларының құрамы жөніндегі ұсыныстар 2026 жылдың 17-ші қыркүйектен бастап 2-ші қараша аралығында дүйсенбі-жұма күндері аралығында сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін қабылданады, түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін.
Ақсуакт аудандық мәслихаты
Оразғалиев Жандос Қанатұлы – Ақсуат аудандық мәслихатының төрағасы.
Мәслихаттың орналасқан жері: Ақсуат ауылы, Кәбеков көшесі №17 үй.
Жауапты: Жаябаев Саят Мұратұлы, кабинет №6, қалааралық телефон коды (872544), қызметтік тел. 2-20-11, ұялы тел. 8777-307-70-87, факс 2-20-11 электрондық почта s.zhayabaev@akimatabai.gov.kz
Источник: Аппарат маслихата района Аксуат — gov.kz


