САРЫАҒАШ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ XLVII СЕССИЯСЫНЫҢ УАҚЫТЫ ӨЗГЕРУ ТУРАЛЫ
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6, 10, 14-баптарына сәйкес, аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы және аудандық мәслихаттың кезекті қырық жетінші сессиясы 2026 жылғы 30 қыркүйекке белгіленген болатын.
Осыған байланысты, аталған отырыстардың өткізілу күні мен уақытына өзгеріс енгізілгенін хабарлаймыз.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2026 жылғы 28 қыркүйек күні сағат 10:00-де, аудандық мәслихат аппаратының мәжіліс залында, ал аудандық мәслихаттың кезекті қырық жетінші сессиясы сағат 16:00-де, аудан әкімдігінің мәжіліс залында өтеді.
Сессия қарауына енгізілген мәселелер:
1. Аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалуы туралы;
2. Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бір жылда атқарған жұмыстары туралы;
3. «Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильдігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Сарыағаш аудандық мансап орталығы» филиалының бір жылда атқарған жұмыстары туралы;
4. Сарыағаш ауданының жылу маусымына дайындығы туралы;
5. Дербісек ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
6. Қызылжар ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
7. Қабланбек ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
8. Дарбаза ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
9. Құркелес ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
10. Сарыағаш аудандық мәслихатының бақылауда тұрған шешімдерінің орындалу барысы туралы;
11. «Сарыағаш ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамын бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2026 жылғы 29 мамырдағы № 44-314-VІІІ шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
12. Сарыағаш аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы №30-214-VII «Сарыағаш аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін қайта бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Источник: Маслихат Сарыагашского района — gov.kz



