АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТА Сауран аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан халқының назарына!
Сауран аудандық мәслихаты төрағасының
2026 жылғы 21 қыркүйектегі №9
ШЕШІМІ
Сегізінші шақырылымдағы
Сауран аудандық мәслихатының
кезекті қырық тоғызыншы
сессиясын шақыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10-бабына сәйкес, 2026 жылғы 29 қыркүйекте сағат 11:00-де Шорнақ ауылында сегізінші шақырылымдағы Сауран аудандық мәслихатының кезекті қырық тоғызыншы сессиясы шақырылсын.
Сауран аудандық
мәслихатының төрағасы С.Байсбаев
АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТА
Сауран аудандық мәслихатының депутаттары мен
аудан халқының назарына!
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10-бабына сәйкес, Сіздердің назарларыңызға сегізінші шақырылымдағы Сауран аудандық мәслихатының кезекті қырық тоғызыншы сессиясы 2026 жылғы 29 қыркүйекте сағат 11:00-де аудан әкімдігінің ғимаратында өтетіндігін жеткіземін, мекен-жайы: Сауран ауданы, Шорнақ ауылы, М.Темірбаев көшесі №30, Сауран ауданы әкімдігінің ғимараты (1-қабаттағы кіші мәжіліс залы).
Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу 2026 жылғы 29 қыркүйек сағат 10:00-ден бастап зал фойесінде жүргізіледі. Сессия қарауына енгізілетін мәселелер:
- Сауран ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жөніндегі есебі туралы;
- Сауран ауданы әкімінің орынбасары А.Сихымбайдың өзіне жүктелген саласы бойынша атқарылған жұмыстардың барысы туралы есебі;
- Сауран ауданы әкімінің орынбасары С.Садибаевтың өзіне жүктелген саласы бойынша атқарылған жұмыстардың барысы туралы есебі;
- Сауран ауданы бойынша мемлекеттік кірістер саласындағы атқарылған жұмыстардың барысы туралы;
- Төтенше жағдайлардың алдын алу және болдырмау шаралары бойынша Сауран ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің атқарған жұмыстары туралы;
- Сауран ауданының білім бөлімінің 2026-2027 жылдардағы оқу жылына дайындық бойынша атқарған жұмыстары туралы;
- Сауран аудандық №2 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі басшысының жұмыстарының есебі туралы;
- Сауран ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының жұмыстарының есебі туралы;
- Сауран ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының жұмыстарының есебі туралы;
- Сауран ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының жұмыстарының есебі туралы;
- Сауран аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің атқарған жұмыстары туралы есебі;
- Сауран аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімінің атқарған жұмыстарының есебі туралы;
- «Сауран аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының» атқарған жұмыстары туралы есебі;
- Иассы ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жөніндегі есебі туралы;
- Шорнақ ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жөніндегі есебі туралы;
- Майдантал ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жөніндегі есебі туралы;
- Бабайқорған ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жөніндегі есебі туралы;
- «Ветеринариялық қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның Сауран аудандық филиалының атқарған жұмыстары туралы есебі;
- «Сауран ауданының газ қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының атқарған жұмыстарының есебі туралы;
- «Әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының атқарған жұмыстарының есебі туралы;
- «Түркістан аудандық электр желілері» мекемесінің Сауран ауданына жауапты бас инженерінің атқарған жұмыстарының есебі туралы;
- Сауран ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы;
- Сауран ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомоствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.
Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін. Сегізінші шақырылымдағы Сауран аудандық мәслихатының кезекті қырық тоғызыншы сессиясының онлайн-трансляциясы «Facebook» әлеуметтік желісінде жүргізілетін болады.
Сауран аудандық
мәслихатының төрағасы С.Байсбаев

