БАЛАЛАР АЛАҢЫН КӨБЕЙТУ — МАҚСАТЫМЫЗ

Ойын алаңдарын көбейту туралы Президент тапсырмасын орындау жұмыстары Қосшы қаласында бір сәтке де тоқтаған емес. Бүгін қала мәслихатының төрағасы Әлихан Қуатбеков «Алтын дала» ТК де жаңа ойын алаңының ашылуына қатысты.

Қаламызда балалар алаңдарын көбейту жұмыстарымен мәслихат депутаттары 2023 жылдан бері белсенді түрде айналысып келеді. Осы күнге дейін 10 нан астам жаңа (балалар алаңдары, футбол алаңдары) алаңдар орнатуға мүмкіндік туды.

Жаңа алаңның жай-күйін көріп, тұрғындармен тілдескен Әлихан Жұмаханұлы еліміздің ертеңі бүлдіршіндеріміз үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалынатынын, елорда іргесіндегі Қосшының дамуы тікелей мемлекет басшысының бақылауында екенін жеткізді. Кездесуге қатысқан аға буын өкілдері көкейлеріндегі ұсыныс-пікірлерін айтып, өз ризашылықтарын білдірді.

Мәслихат депутаттары әкімшілік өкілдерімен, қоғам белсенділерімен бірлесе отырып қаламыздың гүлденуі бағытында әлі де ауқымды жұмыс жасай бермек.

Источник: Маслихат города Косшы — gov.kz