ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті
Сайрам аудандық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысын кеңес төрағасы А,Құрманбеков ашып, жүргізіп отырды. Жиынға аудан әкімінің орынбасары С.Дүйсебаев, қоғамдық кеңес мүшелері, тиісті бөлімдер мен мекеме басшылары мен бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты.
Күн тәртібіне енгізілген «Сайрам аудандық полиция басқармасының 2026 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстары туралы» Сайрам аудандық полиция басқармасының бастығы Е.Мейрбеков, «Сайрам аудандық білім беру бөлімінің 2025-2026 оқу жылында атқарылған жұмыстары туралы» аудандық білім бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Ф.Оспанова, «Шаруа және фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылған жер учаскелерінің тізбесін келісуге қорытынды беру туралы» аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Р.Орынбаев, «Ақсу ауылдық округінің 2026 жыл көлемінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы» ауылдық округ әкімінің орынбасары М.Дүйсенов, «Құтарыс ауылдық округінің 2026 жыл көлемінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы» есебімен Құтарыс ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Р.Шыналиев таныстырып өтті.
Күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша қоғамдық кеңес мүшелері өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, кеңінен талқыланды.
Источник: Аппарат маслихата Сайрамского района Туркестанской области — gov.kz


