Ұлытаулық гимнастшылар Жамбыл облысындағы турнирде төрт жүлде иеленді
Ұлытау облысының спортшылары көркем гимнастикадан Жамбыл облысында өткен турнирде бір алтын және үш күміс медаль иеленді, деп хабарлайды Ұлытау облысы әкімдігінің ресми сайты.
Жарыста өңір намысын қорғаған гимнастшылар көпсайыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болды.
Атап айтқанда, Айнел Орныбасар бірінші орын алып, турнир жеңімпазы атанды.
Ал Мөлдір Мұхтар, Ділназ Едіге және Айлана Орныбасар екінші орын иеленіп, күміс жүлдеге қол жеткізді.
Осылайша, Ұлытау облысының спортшылары турнирді төрт медальмен қорытындылады.
Источник: Акимат области Ұлытау — gov.kz



