Республика күні құтты болсын!
Құрметті Алатау қаласының тұрғындары мен қонақтары!
Сіздерді еліміздің тарихындағы аса мәнді мерекелердің бірі – 25 қазан, Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – халқымыздың азаттық пен тәуелсіздікке ұмтылысының, елдіктің, еркіндік пен ел бірлігінің жарқын символы. Республика күні – ұлт ретінде қалыптасу жолындағы маңызды белесімізді еске салып, әрқайсымыздың бойымызда елге деген мақтаныш пен сүйіспеншілік сезімін ұялататын ұлық мереке.
Бүгінгі таңда еліміз саяси, әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан жаңарып, жаңа дәуірге нық қадам басуда. Бұл жетістіктердің барлығы – халқымыздың бірлігі мен татулығының, ел дамуына сіңірген адал еңбегінің нәтижесі.
Халқымыздың бірлігі мен татулығы әрдайым сақталып, Қазақстанымыз гүлдене берсін! Барлықтарыңызға бейбітшілік, зор денсаулық, береке мен молшылық, тұрақтылық және мол табыс тілеймін.
Ізгі тілекпен,
Алатау қалалық мәслихат аппаратының басшысы
Р. Байбасарова
Источник: Государственное учреждение «Аппарат маслихата города Алатау» — gov.kz



