Мектеп ұжымдарына тәуекел топтағы балалармен жұмыс істеу тәсілдері түсіндірілуде
Түркістан облысында Төлеби, Арыс, Бәйдібек, Ордабасы аудандарының білім бөлімдеріне қарасты мекемелердің ұжымдарына, алдағы оқу жылында атқарылуы тиіс шаралар мен жұмыс жоспарлары талқыланып, терроризмге қарсы профилактикалық жұмыстарды жүргізу бойынша ұсыныстар берілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жазғы уақыттарды мектеп және колледж мұғалімдері мен ұжымдарының кәмелетке толмағандар арасындағы терроризм идеологияларының таралуының алдын алу, жасөспірімдер арасындағы терроризм мен діни экстремизм профилактикасын жандандыру болып табылады.
Кәмелетке толмағандар – қоғамдағы тәуекел топтарының ең негізі ретінде қаралатындықтан, оларға қатысты профилактикалық жұмыстарды әрқашан бақылауда ұстау қажет.
Сонымен қатар, іс-сапар барысында ұстаздарға кез-келген күдікті оқиғалар бойынша жауапты басшыларға, құзырлы органдарға және ата-аналарына хабарлау туралы ұсыныс берілді.
Іс-сапар соңында, жаңа оқу жылында атқарылуы тиіс іс-шаралар талқыланып, нақты ұсыныстар енгізілді.
Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Источник: Антитеррористический центр — gov.kz



