Ордабасыда террористік тұрғыдан осал объектілердің жай-күйі талқыланды

ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті Терроризмге қарсы орталық бөлімінің үйлестіруімен және Ордабасы аудандық Терроримзге қарсы комиссия жұмысшы топ мүшелерінің қатысуымен Ордабасы ауданында орналасқан №18 колледж, №2 ЖОМ, Қараспан ауылдық округінің әкімдігі, Ұялыжар ауылының мәдениет үйінің қызметкерлеріне қатысты терроризмге қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша түсіндірме профилактикалық  жұмыстары өткізілді.

Іс-шараның басты мақсаты – білім беру, мәдениет және мемлекеттік атқарушы билікті жүзеге асыратын мекемелердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы  бұйрықтарының талаптарын түсіндіру.

Жиын барысында қатысушыларға террористік тұрғыдан осал объектілерге қойылатын талаптар мен нұсқаулықтар түсіндірілді.

Сонымен бірге, комиссия мүшелерімен аталған объектілерді аралап, объектілердің осал тұстары талқыланып, тиісті ұсыныстар әзірленді.

Жиын қорытындысы бойынша қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, жауапты қызметкерлермен толыққанды жауаптар берілді.

ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті ТҚО бөлімі

Источник: Антитеррористический центр — gov.kz