Терроризмге қарсы әрекет ету алгоритмі түсіндірілді

Шардара ауданы Қызылқұм ауылдық округінің мәдениет үйі, Ақшеңгелді ауылдық округінің әкімдігі, Жастар ресурстық орталығы, Сүткент ауылдық амбулаториясының емхана қызметкерлеріне және Әбу Мансур ал-Матуриди мешітінің жамағатына терроризмге қарсы алғашқы әрекет ету алгоритмдерін түсіндіру бойынша жиналыстар ұйымдастырылды.

Жиналыстарға аудандық ТҚК-ның жауапты мүшелері, ҰҚК мен полиция бөлімдерінің қызметкерлері қатыстырылды.

Іс-шарада террористік қауіп туындаған кездегі алғашқы жасалуы тиіс алгоритм реттіліктері түсіндірілді.

Оның ішінде, объектілерде төтенше жағдайлар туындаған кезде әрекет ету тәртібі, қызметкерлердің даярлық деңгейін арттыру және практикалық тәжірибе жинақтау мәселелері талқыланды.

Күдікті, иесіз және жарылғыш заттар түсініктері, олар анықталған кездегі жекеленген әрекеттер алгоритмдері талқыланды.

Жиын барысында ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаментінің ТҚО бөлімімен дайындалған арнайы бейнеролик көрсетіліп, әрі қарай тарату үшін ұсынылды.

Жиналыс соңында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, жауапты мамандармен жауаптар берілді.

Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

Источник: Антитеррористический центр — gov.kz