АЛМАТЫДА ЖҮКТІЛІКТІҢ 40-АПТАСЫНДАҒЫ ЖАТЫРДЫҢ КӨЛЕМІНДЕЙ ӨСКІН АЛЫП ТАСТАЛЫНДЫ
Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті
Алматыдағы Қалалық адам ұрпағын өрбіту орталығында дәрігерлер сәтті түрде кіші жамбас және құрсақ қуысынан жүктіліктің 39-40-шы аптадағы жатыр көлеміндей үлкен өскінді алып тастады. Операцияның күрделілігіне қарамастан, мамандар пациенттің репродуктивті органдарын сақтап қалды.
Бір жарым жыл бойы әйел қарнының бірте-бірте ұлғайып келе жатқанын байқаған, бірақ оны салмағының артуымен деп ойлаған. Уақыт өте келе іші тысырайып, ауырсынуып, ыңғайсыздық және ентігу сезімі пайда болған.
УДЗ, КТ және МРТ-дан кейін дәрігерлер бүкіл іш қуысында орын алып отырған өскінді анықтайды. Пациентті онкогинекологтар тексеріп, содан соң хирургиялық тұрғыда араласу шешімі қабылданды.
Операция кезінде мамандар 7 литрге жуық сұйықтықты шығарып, салмағы шамамен 3 кг мөлшеріндегі өскінді алып тастады. Қосымша қиындықты бұдан бұрын жасалған операциялардың салдарынан қалған дәнекерлер туғызды. Өскін гистологиялық зерттеуге жіберілді.
Барлық қиындықтарға қарамастан, операция сәтті өтті. Дәрігерлер ең бастысы – өскінді алып тастап, әйелдің репродуктивті органдарын сақтап қалған.
Қазір пациент өзін қанағаттанарлық сезініп, стационарда емделіп, жақында шығуға дайындалуда
Бұл жағдай дәрігерге уақытында барудың маңыздылығын еске салмақ. Іштің ұлғаюы, ауырлық сезімі, ауырсыну және демігу салмақ қосумен үнемі байланысты емес. Мұндай симптомдар пайда болған кезде тексеруден өтіп, оның себебін анықтау қажет.
Алматыда Қалалық адам ұрпағын өрбіту орталығы заманауи хирургиялық тәсілдерді қолдана отырып және мүмкіндігінше пациенттердің репродуктивті функциясын сақтауға ұмтыла отырып, мамандандырылған гинекологиялық көмек көрсетеді.
Источник: Министерство здравоохранения РК — gov.kz



