Цифрлық қауіп: анықтау және алдын алу жолдары

Қазіргі заманда қауіп-қатер көзге көрінбейтін, бірақ қоғамның іргетасын шайқалтатын идеялар арқылы таралады.

Осындай қауіпті құбылыстардың бірі – экстремизм мен терроризм. Соңғы жылдары экстремистік және террористік идеологиялардың таралу жолдары да өзгерді.

Бұрын радикалды топтар өз үгіт-насихатын жасырын жиналыстар мен жабық ұйымдар арқылы жүргізсе, бүгінгі күні олардың негізгі алаңы – интернет кеңістігі.

Әлеуметтік желілер, мессенджерлер және түрлі онлайн платформалар радикалды идеологияларды жылдам әрі кең таратуға мүмкіндік беріп отыр.

Осы ретте, облыстық ТҚК-ның аясында Қазығұрт ауданында орналасқан «Ө.Жамалов», «Қаржан», «Бірінші мамыр», «Аққұм» жалпы білім беретін мектептерінде білім алушылар, ұстаздар және өзге де қызметкерлерге қатысты ақпараттық кеңістіктен төнген қауіптер бойынша семинарлар өткізілді.

Іс-шаралар барысында жастардың – экстремистік топтардың басты нысанасына айналғаны, себебі, жастардың жаңа ақпаратқа ашық, әділдік пен шындықты іздеуге бейім болатындығы туралы сөз қозғалды.

Радикалды топтар дәл осы ерекшелікті пайдаланып, жастардың эмоциясына әсер ететін түрлі материалдар дайындайды.

Қысқа видеолар, әсерлі суреттер, мемдер, музыка немесе мотивациялық сөздер арқылы олар өз идеологиясын тартымды етіп көрсетуге тырысады.

Іс-шара соңында қатысушыларға кейде мұндай материалдар сырт көзге бейкүнә болып көрінуі мүмкін. Алайда, олардың астарында қоғамды бөлшектеу, адамдарды бір-біріне қарсы қою немесе заңсыз іс-әрекеттерге итермелеу секілді қауіпті мақсаттар жатады деп түсіндірілді.

Іс-шара қорытындысымен қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, ұйымдастырушылар тарапынан тиісті жауаптарын алды.

Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

Источник: Антитеррористический центр — gov.kz