Отырарда өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға лекция өтті

Түркістан облысы Отырар ауданында өзін-өзі жұмыспен қамтушы жергілікті халық арасында терроризм мен діни экстремизмге, теріс идеологияларды насихаттаушы әлеуметтік желі уағыздаушылары және кәмелетке толмағандар арасындағы экстремизм көріністерінің алдын алу мақсатында сабақ өткізілді.

Іс-шараға аудандық ТҚК мүшелері арнайы қатысып, терроризм мен діни экстремизм ұғымдарына тоқталды.

Уағыздаушылар терроризмді ашық түрде насихаттамайтындығын және жастарды әлеуметтік желілер арқылы теріс іс-әрекеттер жасауға арбайтындығын жеткізді және олардың сипаттары мен белгілері туралы сөз қозғалды.

Осы ретте, теріс идеологияларды уағыздаушылардың негізгі нысанасы кәмелетке толмағандар екендігін ескере, олардың әлеуметтік желілердегі іс-әрекеттерін тұрақты түрде бақылауға алу қажеттігін және діни білімдерді тек расталған көздерден алу қажеттігін жеткізді.

Кәмелетке толмаған балалары туралы күдікті оқиғаларды байқаған кезде дереу алдын алу шараларын қабылдап, профилактикалық шараларды атқару қажеттігін түсіндірді.

Қазіргі таңда, жасанды интеллектінің даму кезеңі болуына орай, әлеуметтік желілердегі күмәнді уағыздардан, сілтемелерден сақ болуға шақырды және діни білімді алуға болатын расталған тұлғалар мен ҚМДБ туралы мәліметтер ұсынылды.

Сонымен бірге, кәсіпкерлік немесе өзге де шаруа жұмыстарымен айналысу барысында күдікті тұлғалардың ұсынған қолғабыстарынан аулақ болу, барлық күдік оқиғалар бойынша жауапты органдарға хабар беру туралы баяндалды.

Кездесу соңында баяндамашыларға сұрақтар қойылып, пікір алмасты және тиісті жауаптарын алды.

Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

Источник: Антитеррористический центр — gov.kz