Қауіптің алдын алу сабағы өткізілді

Арыс қаласында орналасқан Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, ірі өзін-өзі жұмыспен қамтушылары және «Пернекүл ана» сауда үйінің қызметкерлеріне қатысты террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу талаптарын түсіндіру, сондай-ақ терроризм қаупі туындаған кезде атқарылатын алгоритм талаптарын түсіндіру бойынша жиналыс өткізілді.
Іс-шараларға Арыс қалалық ТҚК аясында құрылған жұмысшы топ мүшелері қатыстырылды.
Кездесулер барысында ең алдымен террористік қатерлер, олардың жасалу жолдары мен қауіп туындаған кездегі алғашқы әрекет ету реттілігі түсіндірілді және күдікті заттар анықталған жағдайда жасалуы тиіс алгоритм әрекеттері көрсетілген бейнематериалдар ұсынылды.
Сонымен бірге, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу талаптары түсіндіріліп, объектілерді зерделеу жұмыстары жүргізілді және анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар енгізілді.
Денсаулық сақтау және білім беру объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету, қызметкерлердің даярлық деңгейін арттыру және практикалық тәжірибе жинақтау мәселелері талқыланды.
Осы орайда, кез-келген күдікті оқиғалар орын алған жағдайда дереу тиісті байланыс желілеріне хабарлау қажеттігі ескертілді.
Жиналыс қорытындысымен қатысушылар тарапынан туындаған сұрақтарға жауапты сала мамандары тарапынан жауаптар беріліп, мәселелері талқыланды.

Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

Источник: Антитеррористический центр — gov.kz