ТАЙҚАЗАН – ҚОС ӨҢІРДІ ЖАЛҒАҒАН РУХАНИ КӨПІР
Павлодар облысының Баянауыл ауданында Түркістаннан арнайы жеткізілген Тайқазанның көшірмесі бой көтерді. Осы көктемде Баянауылдан бір топ зиялы қауым мен азаматтар Түркістанға арнайы ат басын бұрып, киелі шаһарға қылқан жапырақты ағаш көшеттерін тарту еткен болатын. Бұл – бауырлас өңірдің Түркістанға деген ыстық ықыласы мен құрметінің жарқын көрінісі. Игі бастаманың ұйытқысы болған баянауылдық кәсіпкер Марат Ізбастинге алғыс […]










