«Тең мүмкіндіктер»: Ұлытаулық оқушылар республикалық фестивальде бірінші орын алды
Ұлытау облысының оқушылары «Тең мүмкіндіктер» республикалық балалар инклюзивті спорт фестивалінде жеңімпаз атанды. Жаңаарқа ауданындағы С. Сейфуллин атындағы мектептің 7-8-сынып оқушылары командалық есепте бірінші орын иеленді. Еліміздің әр өңірінен 15 команда қатысқан жарыста Серік Рамазан, Секен Нұрсұлтан және Есен Аяладан құралған команда үздік нәтиже көрсетті. Сондай-ақ аталған мектептің 5-6-сынып оқушыларынан жасақталған команда төртінші орынға ие болды. […]













