САРЫАҒАШ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС 48-СЕССИЯСЫ ӨТТІ
Сессия отырысына мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы төрағалық етті. Жиынға аудан әкімі Арман Абдуллаев қатысты.
Сессияның күн тәртібіне тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында алдын ала қаралып, қолдау тапқан екі мәселе енгізілді.
Бірінші мәселе бойынша Сарыағаш ауданының экономика және қаржы бөлімі басшысы Азамат Унарбекұлы және қала мен ауылдық округ әкімдері баяндама жасап, 2026-2028 жылдарға арналған қала және ауылдық округтер бюджеттеріне енгізілетін өзгерістер жөнінде ақпарат берді.
Екінші мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Нурполат Зайнилұлы Талипов Сарыағаш ауданы әкімдігінің жанындағы Заң мен Тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамын бекіту мәселесін таныстырды.
Күн тәртібіндегі мәселелер депутаттар тарапынан қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.
Сарыағаш аудандық мәслихат аппараты
Источник: Маслихат Сарыагашского района — gov.kz



