Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті
Мәслихаттың кезектен тыс қырық тоғызыншы сессиясы мәслихат төрағасы Ш.Халмурадовтың төрағалығында болып өтті.
Сессия жұмысына аудан әкімі М.Оразалиев, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім, мекеме басшылары, ауыл әкімдері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәртібіне енгізілген Сайрам аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №35-242/VIII «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселемен аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Айтекеева, Сайрам аудандық әкімдіктің құрамын келісу туралы аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімшесінің басшысы Д.Әжібеков, Сайрам аудандық мәслихатының 2026 жылғы 10 наурыздағы №39-268/VIII «Сайрам ауданы әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзеріс енгізу туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы А.Жақыпбеков, Сайрам аудандық мәслихатының 2026 жылғы 16 ақпандағы «Сайрам ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық және терроризмге қарсы іс-қимыл бөлімшесінің басшысы Б.Шадирбеков таныстырып өтті.
Күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Источник: Аппарат маслихата Сайрамского района Туркестанской области — gov.kz


