Астанада «Ұстазыңды құттықта» челленджі басталды

Астана қаласында Ұстаздар күніне орай 28 қыркүйек пен 5 қазан аралығында «Ұстазыңды құттықта» челленджі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Челлендждің мақсаты – ұстаз еңбегіне құрмет көрсетіп, шәкірт пен мұғалім арасындағы ерекше байланысты дәріптеу.

Челленджге кез келген қала тұрғыны қатысып, білім мен тәрбие берген ұстазына жүрекжарды тілегін жолдап, алғысын білдіре алады.

Бастаманы #Ұстазыңдықұттықта хэштегі арқылы жариялау қажет.

Источник: Акимат города Астаны — gov.kz