Аудандық мәслихат депутаттарының назарына
Сегізінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының кезекті 63-ші сессиясы 2026 жылдың 7 қазан күні сағат 11.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында өтеді.
КҮН ТӘРТІБІ:
1. Сарысу ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі.
2. Ауданда әлеуметтік нысандардың қысқы маусымға дайындығының барысы, жоспарлы жұмыстар туралы.
3. Жаңатас қаласы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі.
4. Түркістан ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі.
5. Жаңаарық ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі.
Әртүрлі.
Тұрақты комиссиялардың мәжілісі аудандық мәслихатта 2026 жылдың 7 қазан күні сағат 10.30-да басталады.
Депутаттарды тіркеу 2026 жылдың 7 қазан күні сағат 10.00-ден бастап жүргізіледі.
Аудандық мәслихат аппараты



