ШАЛҚАР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС АЛПЫС БІРІНШІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 26 қыркүйек күні жергілікті уақыт 11.00 де, Шалқар аудандық мәслихатының кезектен тыс алпыс бірінші сессиясының жалпы отырысы өтті. Сессия отырысына аудан әкімі Ақшолақ Қайрат Серікбайұлы, аудан әкімінің орынбасары,  қала әкімі, мәселесі бойынша шақырылғандар, ауылдық округ әкімдері, мамандары, есепшілері, ақпарат құралдарының өкілі   қатысты. Депутаттар сессияның күн тәртібіне сәйкес төмендегі мәселелерді талқылады.

1) Шалқар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №551 «2026-2028 жылдарға арналған Шалқар аудандық бюджетін бекіту  туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Хабарламашы: Н.Қанатбаева – «Шалқар ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік  мекемесі басшысы.

2) Шалқар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 15 қыркүйектегі № 105 «Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Хабарламашы: Ж.Мырзабек  –  «Шалқар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің секторы меңгеруші басшысы.

3) Шалқар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 29 сәуірдегі №607 «Чернобыль атом станциясындағы апат салдарын жоюдың 40 – жылдығына орай Шалқар ауданы бойынша мұқтаж азаматтарының санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы.

Хабарламашы: Ж.Мырзабек –  «Шалқар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі.

4) Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы.

Хабарламашы: М.Симбетов —  «Шалқар аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

Сессия соңында бірқатар ұсыныстар айтылып, тиісті шешімдер қабылданды.

Источник: Маслихат Шалкарского района — gov.kz