Кентау қалалық мәслихат депутаттары мен қала тұрғындарының назарына! Кентау қалалық мәслихатының кезектен тыс 47-ші сессиясын шақыру туралы
Кентау қалалық мәслихатының
сегізінші шақырылымының
кезектен тыс қырық жетінші
сессиясын шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 19-бабына сәйкес, Кентау қалалық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс қырық жетінші сессиясы 2026 жылдың 29 қыркүйегінде сағат 16-00-де Кентау қаласында шақырылсын.
Күн тәртібінде:
Кентау қалалық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №232 «2026-2028 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.
Кентау қалалық мәслихатының төрағасы Қ. Елеусизов
Источник: Аппарат Кентауского городского маслихата Туркестанской области — gov.kz

