Аудандық мәслихаттың кезекті 44-ші сессиясы өтті

Бүгін, аудандық мәслихаттың кезекті қырық төртінші сессиясы өтті.

Мәслихат төрағасы Өмірхан Әйкенұлы «Тарбағатай аудандық мәслихаты төрағасының 2025 жылғы атқарылған жұмыстар туралы» есебін берді.

Сонымен қатар, «Аудан аумағында асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытудағы атқарылған жұмыстар және мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау туралы.   Мал шаруашылықтарының субсидиялау бағдарламаларына қатысуы мен тиімділігі туралы»; «Әлеуметтік сала және тұрғындарды әлеуметтік қорғау мәселелері, депутаттық өкілеттілік, этика және заңдылықтар жөніндегі» тұрақты комиссиясының 2025 жылғы есебі және «Агроөнеркәсіп кешені мен кәсіпкерлікті дамыту және бюджет мәселелері бойынша» тұрақты комиссиясының 2025 жылғы есебі туралы; «Тарбағатай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы; Маңырақ ауылындағы атауы жоқ көшеге атау беру туралы мәселелер қаралды.

Күн тәртібіне қойылған мәселелер бойынша депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.

Трансляцияға сілтеме:  https://youtube.com/live/6plUAytdGbo?si=xXjnK1YAg0rUnKEq

Источник: Аппарат Тарбагатайского районного маслихата — gov.kz