БЕЙНЕУ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ХАБАРЫ

БЕЙНЕУ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ

ХАБАРЫ

«Қазақстан  Республикасындағы  сайлау  туралы»  1995  жылғы                28 қыркүйектегі  №2464  Конституциялық  заңның  19  бабына  сәйкес  Бейнеу  аудандық  мәслихаты  Бейнеу  ауданының  учаскелік  және  округтік  сайлау  комиссиясы  бойынша  бос  орындар  жөнінде  төмендегідей  хабар  береді:

  1. №12 сайлау округі -1;
  2. №117 сайлау учаскесі -1;
  3. №119 сайлау учаскесі -1;
  4. №127 сайлау учаскесі -1;
  5. №135 сайлау учаскесі -1.

САЯСИ ПАРТИЯЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕР

БАСШЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Қазақстан  Республикасының  1995  жылғы  28  қыркүйектегі  №2464  «Қазақстан  Республикасындағы  сайлау  туралы»  Конституциялық  заңының  10  бабына  сәйкес  2026  жылдың  21  қыркүйек – 6 қазан  аралығында   сағат  18.30-ға  дейінгі  мерзімде  жоғарыда  аталған  сайлау  комиссияларына  кандидатуралар  ұсынуларыңызды  сұраймыз.

Осыған орай, саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы  құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.

Сайлау комиссиясының мүшесi Бейнеу  ауданында  тұруға тиiс.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

Мәслихаттың орналасқан жері: Бейнеу  селосы, Д.Тажиев №10/1, аудан әкімдік ғимараты, каб.№402, телефон: 2-22-48,  электрондық пошта мекенжайы: m.toknazarov@mangystau.gov.kz.

Бейнеу  аудандық   мәслихатының аппараты

Источник: Аппарат Бейнеуского районного маслихата — gov.kz