Вена қаласында Қазақстан-Австрия үкіметаралық комиссиясының 13-отырысы өтті

Австрия Республикасының Вена қаласында Экономикалық, ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау, техникалық және технологиялық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Австрия үкіметаралық комиссиясының 13-отырысы өтті.

Отырыс барысында тараптар көлік, өнеркәсіп, энергетика, инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы және экологиялық технологиялар салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады.

Көлік-логистикалық ынтымақтастықты дамытуға және Қазақстан мен Еуропа арасындағы көлік байланысын нығайтуға ерекше назар аударылды.

Азия мен Еуропа арасындағы жүк тасымалының негізгі бағыттарының бірі ретінде Транскаспий халықаралық көлік маршрутының (ТХКМ) стратегиялық маңызы, сондай-ақ жүк ағынын одан әрі ұлғайту және мультимодальды тасымалдарды дамыту әлеуеті атап өтілді.

Қазақстан тарапының австриялық компанияларды бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға тартуға, көлік саласына заманауи технологиялар мен цифрлық шешімдерді енгізуге мүдделі екені атап өтілді.

Тараптар практикалық өзара іс-қимылды одан әрі кеңейтуге, тәжірибе алмасуға және ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын пысықтауға дайын екендіктерін білдірді.

Отырыс қорытындысы бойынша Үкіметаралық комиссияның 13-отырысының хаттамасына қол қойылды. Құжатта қол жеткізілген негізгі уағдаластықтар мен алдағы ынтымақтастықтың басым бағыттары бекітілді.

Источник: Министерство транспорта — gov.kz