Ұлттық энергия үнемдеу орталығы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша оқу курстарын бастады

«Ұлттық энергия үнемдеу орталығы» АҚ (ҰЭҮО) энергетика саласының өкілдеріне, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен өзге де ұйымдардың мамандарына арналған арнайы оқу курстарын бастады. Курстар энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы кәсіби құзыреттерді дамытуға бағытталған.

Алғашқы курс 2026 жылғы 18–20 қараша аралығында «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру: нормативтік талаптар, энергия аудиті және практикалық құралдар» тақырыбында өтеді.

Оқу бағдарламасы үш негізгі бағытты қамтиды. Олар — энергия үнемдеу саласындағы мемлекеттік саясаттың нормативтік-құқықтық негіздері, энергия аудитін жүргізу әдістемесі мен энергия үнемдеу шараларын экономикалық бағалау және энергия тиімділігін арттырудың практикалық құралдары.

Мемлекеттік энергетикалық тізілімнің (МЭТ) деректерімен жұмыс істеуге, энергия тұтынуды талдауға, энергия үнемдеу әлеуетін анықтауға және іс-шаралар жоспарларын әзірлеуге ерекше көңіл бөлінеді. Қатысушылар қажетті инвестиция көлемін және күтілетін экономикалық әсерді бағалау тәсілдерін де меңгереді. Жекелеген модульдер энергия тұтыну мониторингіне, энергия үнемдеудің экологиялық аспектілеріне және сумен жабдықтау жүйелерінің тиімділігін арттыруға арналған.

Алғашқы топқа Қазақстанның жетекші энергетикалық және коммуналдық ұйымдарында практикалық жұмыс тәжірибесі бар мамандар қатысуда. Олардың қатарында «Kazakhmys Energy» ЖШС, «ГРЭС Топар» ЖШС, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС, «ОзенЖылу» МКК және «Б. Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС мамандары бар.
Оқу соңында қатысушылар қорытынды тестілеуден өтіп, сертификат алады.

ҰЭҮО курстарды тұрақты түрде өткізуді, бағдарлама тақырыптарын кеңейтуді және энергетика, өнеркәсіп пен коммуналдық сала мамандарын, сондай-ақ мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдардың өкілдерін тартуды жоспарлап отыр.
Оқу мамандардың практикалық құзыреттерін дамытуға, энергия менеджменті саласындағы жұмыс сапасын арттыруға және Қазақстанда энергия үнемдеу жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға үлес қосатын кәсіби қауымдастық қалыптастыруға бағытталған.

Мүдделі ұйымдар мен мамандарды Ұлттық энергия үнемдеу орталығының алдағы оқу бағдарламаларына қатысуға шақырамыз.
Қатысу және оқуды ұйымдастыру мәселелері бойынша «Ұлттық энергия үнемдеу орталығы» АҚ-ға хабарласуға болады.

Источник: Министерство промышленности и строительства Республики Казахстан — gov.kz