Қазақстан мен Тәжікстанның энергетика ведомстволарының басшылары ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Тәжікстан Республикасының Энергетика және су ресурстары министрі Далер Джумамен келіссөздер жүргізді.
Кездесу барысында отын-энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері және оны одан әрі дамыту перспективалары жөнінде пікір алмасты.
Тараптар мұнай-газ саласындағы өзара іс-қимылды кеңейту, өңірлік энергетикалық ынтымақтастықты нығайту және өзара тиімді бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін қарастырды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар әріптестікті одан әрі тереңдетуге, практикалық өзара іс-қимылды дамытуға және екі елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға өзара мүдделілік бар екенін растады.
Источник: Министерство энергетики РК — gov.kz


