Аудандық мәслихаттың кезекті XLV сессиясы өтті
Бүгін аудандық мәслихат төрағасы Сәлімгерей Сиражевтің төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезекті XLV сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімі, аудан әкімі орынбасарлары, дербес бөлім басшылары және мекеме басшылары қатысты.
Сессия барысында аудан әкімінің есебі тыңдалып ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды:
- Аудан әкімінің аудандық мәслихат депутаттары алдындағы есебі;
- Ауылды дамыту және аграрлық саясат, қоршаған ортаны қорғау және төтенше жағдайлар жөніндегі тұрақты комиссияның есебі;
- Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің І жартыжылдықта атқарған жұмысы туралы есебі;
Сессия барысында депутаттар тарапынан ұсыныстар айтылып, аудан әкімінің жұмысы депутаттар тарапынан оң бағасын алды. Күн тәртібіндегі тыңдалған барлық есептер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Источник: Акжаикский районный маслихат — gov.kz


